Құрылыс және тау-кен саласына заманауи технологияларды енгізу қарқын алуда! Павлодар облысындағы Шығыс көмір разрезі – Қазақстандағы алғашқы кәсіпорындардың бірі, онда пилотсыз карьерлік самосвалдар қолданыла бастады.
Бүгінде «Еуразиялық энергетикалық корпорация» (ERG) бөлімшесінде үш автоматтандырылған самосвал жұмыс істейді, олар бірнеше ай ішінде 1 млн тоннадан астам тау жынысын тасымалдады. 2027 жылға қарай бұл көрсеткіш 115 млн тоннаға дейін артады деп жоспарлануда.
Пилотсыз техниканың жұмысын жүргізуші-оператор мен сервис инженері бақылайды. Біріншісі жылдамдықты, қозғалыс траекториясын және қауіпсіздік ережелерін сақтауды қадағаласа, екіншісі маршруттарды жоспарлап, тиеу және түсіру аймақтарын жаңартып, роботтандырылған кешеннің техникалық жағдайына жауап береді.
Пилотсыз технологияларды енгізу – ERG-нің Digital-стратегиясының бір бөлігі. Жобаға Business & Technology Services мердігер ұйымының мамандары мен ERG IT-сарапшылары қатысты. Болашақта автоматтандырылған техника компанияның басқа да кен орындарында пайда болады.
Құрылыс саласын цифрландыру және автономды техниканы енгізу индустрияның келбетін өзгертуде. Жаңалықтарымызды бақылап, инновациялардың ортасында болу үшін Eurasian Construction Technology ASTANA көрмесіне қосылыңыз!