Көрме жаңалықтары

Көрмеге Үндістан қосылды! Жаңа қатысушы — JINKUSHAL SALES CORPORATION компаниясы

Көрменің қатысушыларының қатары Үндістанмен толықты. Ел атынан өнеркәсіптік жабдықтар өндіретін жетекші компания — JINKUSHAL SALES CORPORATION қатысады.

Компанияны 1997 жылы Хеманг Парех мырза негізін қалаған. Қазіргі таңда JINKUSHAL — жер қазу техникасы мен цемент және пластмасса өнеркәсібіне арналған гидроцилиндрлер өндіруде жаһандық нарықта сенімді серіктеске айналды. Шамамен 30 жылдық тәжірибе мен халықаралық жеткізілім ауқымы компанияның салалық беделін нығайта түсті.

Үндістанның көрмеге қатысуы — Орталық Азия нарығына қызығушылықтың артқанын көрсетіп, өңірлік және жаһандық әріптестікті дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашады. Бұл — өндірістік жабдықтармен танысып, тікелей өндірушімен байланыс орнатудың нақты мүмкіндігі.

2025 жылғы 25–27 маусым

"EXPO" Халықаралық көрме орталығы, Астана

JINKUSHAL SALES CORPORATION алғаш рет Қазақстанда. Заманауи шешімдер, жаңа серіктестіктер, кең перспективалар сізді күтеді.